Полицейлер карантинде 150 адам жиналған тойды тоқтатты
Полицейлер карантинде 150 адам жиналған тойды тоқтатты
Фото: ПД-нен алынды
193
оқылды

Еңбекші ауданының полицейлері Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан тойхананың карантин талабын сақтамай, той өткізіп жатқаны туралы хабарлама алған.

Тәртіп сақшылары тойханаға барып, мерейтой өткізіліп жатқанын анықтады.  Мейрамхана қызметкерлері келген қонақтардың дене қызуын тексермей кіргізген. Даяшылар тойханада маскасыз қызмет көрсеткен.

Тергеу жалғасып жатыр. Істің мән-жайын полицейлер анықтап, кінәлілерді жауапқа тартады.