Otyrar.kz-тің хабарлауынша, көпір Анарова көшесінің бойында темір жол вокзалының жанында орналасқан.
Көпірдің үстінде темір тор тартылған. Жоғарыда жоғары вольтты электр сымдары бар. Куәгерлердің айтуынша, 15-16 жастағы қыз өткел көпірдің үстіндегі темір торға шыққан. Сол сәтте жасөспірімді ток соққан.
Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер олар жарақат алған жасөспірімді темір тордан алып шықты. Қыздың денесі мен киімдері қатты күйіп қалған. Оның тамырына бірден дәрі тамызды. Зембілге салып, көпірден жедел жәрдем көлігіне дейін өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер көтеріп, жеткізді.
Денесін қатты күйік шалған қыз ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында жасөспірімнің туыстары да болды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.