Атырауда ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырған екі тұрғын сотталды
Атырауда ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырған екі тұрғын сотталды
© inform.kz
224
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда құмар ойынға әуес адамдар саны 350 мыңға жуық және олардың көбі - жасөспірімдер. Сондай-ақ құмар ойынға тәуелді адамдардың саны жыл сайын артып келеді.
Атырау облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Атырау қаласындағы бильярд клубының ғимаратында сәйкес лицензиясыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегінің жолын кесті. Атырау қаласының екі тұрғыны – Д.Ұзақпаев және А.Ғабдулов құмар ойындарын заңсыз ұйымдастыру мақсатында «Бомонд» бильярд клубының VIP кабинасын пайдаланған. Тексеріс барысында 600-ге жуық ойын карталары мен покер фишкалары тәркіленді. Ұйымдастырушыларға қатысты 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.