ҚТЖ басшысы логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы болып сайланды
ҚТЖ басшысы логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы болып сайланды
© azattyq-ruhy.kz
209
оқылды
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Нұрлан Сауранбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы болып сайланды.
«Көлік тасымалы мәселелері қашанда өзекті: утилизациялық алым, парктің жаңаруы, жолаушы тасымалдарын субсидиялау және муниципалды парктерді құру, нарықтық бәсекелестікті не бұзады, кеме қатынасы мәселелері. Бұл - «Атамекен» комитет мүшелерімен бірге үнемі талқылап, Үкіметке ұсынатын мәселелер. Комитет мүшелері Нұрлан Сауранбаевтың тәжірибесіне сүйенді деп сенемін. Сіз саланың проблемаларын жақсы білесіз, кәсіпкерлік білігіңіз, ұлттық компанияларда, сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс тәжірибеңіз барын білемін. Сіз Комитет қызметіне қосылып, бизнес мәселелерін белсенді талқылап, шешетін боласыз деген сенімдемін», – деді комитеттің жаңа төрағасына «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
Бұған дейін комитетті Сауат Мыңбаев басқарды.
«Атамекен» ҰКП – кәсіпкерлікті дамытудың тиімді алаңы. Мен комитеттің жоспарын қарап, жұмысымен таныстым. Комитет ұжымы белсенді, саланың ең өзекті және өткір мәселелерін көтеріп келеді. Осы жұмыс қарқынын сақтауға тырысамын және комитет мүшелерінің қолдауына үміт артамын», - деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.
2021 жылы комитет көлік саласын дамыту үшін кедергілерді жою, оның ішінде жүк тасымалдаушылардың көптігі жағдайында темір жол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны қайта қарау, халықаралық тасымалдар үшін ерікті тартқыштар үшін утилизациялық алымын азайту, жолаушылар тасымалдарын субсидиялау, қазақстандық теңіз порттарына көлемдерді тарту, жүктерді контейнерлеу, әуежайлар мен авиакомпанияларды қолдау және өзге де мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Еске салайық, 8 сәуірде «Самұрық-Қазына» басқармасының шешімімен Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.