Қазақстан мен Ресей «Байкал» көп мақсатты ұшағын жасау бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы келісімшартқа қол қойды.
Келісімге қазақстандық авиация индустриясының бас директоры Данияр Амангильдин мен «Орал азаматтық авиация зауыты» АҚ бас директоры Вадим Бадеха қол қойды. Іс-шара МАКС-2021 халықаралық авиациялық ғарыш салоны алаңында өтті.«Бұл келісімге қол қою – бірінші кезекте, Қазақстанның Ресеймен бірлесіп, авиация саласын дамыту ниетін көрсететін қадам. Кейінгі жылдарда республикамыз қол жеткізген технологиялық даму бізге осы жобаға өз үлесімізді қосуда белгілі бір рөлге ие болуға мүмкіндік береді», – деді Данияр Амангильдин.Өз кезегінде В.Бадеха «Байкал» бұл орталық қалалардан алыс орналасқан жергілікті желілерде жұмыс істеуге арналған жаңа әмбебап аймақтық ұшақ екенін айтты. Бұған дейін МАКС-2021 алаңында алғаш рет «Байкал» ЛМС-901 көп мақсатты жеңіл ұшағы таныстырылды. Турбобұрандалы ұшақтың крейсерлік жылдамдығы сағатына – 300 метр, ұшудың ең жоғары қашықтығы – 3 000 шақырым, топырақты жолақтардан ұшудың минималды қашықтығы – 220 метр. Ұшақ кемінде 1 500 шақырым қашықтыққа екі тонна жүктемені жеткізуге қабілетті болады. Оның бағасы шетелдік бәсекелестерден 30-50%-ға төмен болады делінген.
Мейірім БАҚЫТЖАН