Қос көшеге асфальт төселіп жатыр
Қос көшеге асфальт төселіп жатыр
220
оқылды

Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданының орталығы Жымпитыдағы ауылішілік жолдардың жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Биыл О.Исаев және Х.Есенжанов көшелеріне жаңадан жол салынып жатыр.

Осы мақсатта «Nur Otan» пар­тиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау тобының мүшелері мен Сырым аудандық мәслихатының депутат­тары жол құрылыстарының бары­сымен танысты. Партияның ау­дан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиев, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева және депутаттар әуелі О.Исаев көшесінде болды. Көктем мен күз айларында Қа­расу ықшамауданындағы бұл көшеге көлікпен қатынау қиын­дық туғызып жүрді. Енді тақтайдай жол тартылуда. Мердігер серік­тестік «АстроДОР» ЖШС-ның тапсырысын орындаушы «РСУ Транс» ЖШС өкілі, учаске басты­ғы Хәкімзата Ғайытбаевтың ай­туынша, жаңа жолдың құм және қос қабатты шебін жамылғысы төселіп, тапалып, қазір 1,2 шақы­рым жол асфальтқа дайындалуда. Депутаттар жамылғылардың қа­лың­дығын тексеріп, Сырым ау­дан­дық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Тимур Айтқа­лиев­қа жол жиектерін сапалы жасауды, су ағарлардың дұрыс ор­наласуын қадағалауды тап­сырды. Х.Есенжанов көшесінің бо­йында тұрғын үйлерден бөлек ста­дион, Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің аудандағы филиалы және Сырым колледжі орналасқан. Колледж студенттері осы көшемен жатақханаларына қатынайды. Дегенмен асфальт көшенің кол­ледж орналасқан жағына емес, екінші бетіне төселіп жатыр. Х.Есенжанов көшесінің екінші бөлігі біріншісіне қарағанда тар әрі су құдықтары жолға жақын ор­наласқан. Қажеттілікке салсақ, асфальт оқу орны тұрған маңға керек. Депутаттар Сырым коллед­жінің тұсынан С.Сейфуллин мен Х.Есенжанов көшелерін қосатын біржолақты жол салуды және жаяу жүргіншілер жолын төсеу жөнінде ақылдасып, аудан әкімінің атына ұсыныс даярлайтын болып шешті.

Әбілмансұр ЖАСАН