30 мыңнан астам жұмыс орны ашылған
30 мыңнан астам жұмыс орны ашылған
461
оқылды

Жұмыссыздықты болдырмау мақсатына жыл сайын миллиардтар бөлінгенімен, еңбекке қабілетті жанның барлығын еңбекке орналастыру оңайға соғар емес. Осынау маңызды жағдайдың түйінін тарқату үшін биыл да Алматы облысында қомақты қаражат қарастырылып, нақты шаралар қолға алынып жатыр.

Алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша өңірде жүзеге асырылып жатқан жұ­мыс­пен қамту бағытындағы бағ­дарламалар арқасында 30 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылыпты. Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқар­масының мәліметіне қараған­да, биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға облысқа 31,8 млрд теңге бөлінген. Жылдың алғашқы жартысында халықты жұмыспен қамтудың бірқатар бағыты орын­далып, мыңдаған жан екі қолға бір күрек тауып­ты. Соның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағ­дар­ла­масы арқылы 3,3 мың адам жұ­мысқа орна­ласқан. Сол сияқты халықты жұ­мыс­пен қамтуға шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың тигізген ықпалы да аса зор көрінеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Биз­нестің Жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары мен «Жетісу» өңірлік бағдарламасы шеңбе­рінде қарастырылған қаржы көлемі 23 млрд теңгеге дейін ұлғайтылып, бірінші жарты­жылдықта 7,5 млрд теңгеге 990 жоба қаржыландырылып, 2 750 тұрақты жұмыс орны құрылған. Биыл жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34,3%-ға жетеді деген батыл болжам бар.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы