Данияр Елеусінов: «Жыл соңына дейін екі кездесу өткізу ойда бар»
Данияр Елеусінов: «Жыл соңына дейін екі кездесу өткізу ойда бар»
304
оқылды

Кәсіпқой  бокста таныла бастаған қазақ спортшылары баршылық. Жанкүйер әдетте олардың жетістікке жетіп,  көңілден шыққанын күтеді. Жанкүйер ықыласына бөленіп жүрген спортшылардың бірі – Данияр Елеусінов. Біз спортшымен сұхбаттасып, жоспарлары жайлы ой бөліс­кен едік.

– Былтыр қараша айында намибиялық боксшы Индонгоны жеңіп, жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental бос белбеуін иелендіңіз. Сол кездесуге қысқаша тоқталсаңыз. Кәсіпқой бокстағы осы кезге дейінгі өткізген кездесулеріңізде сіз үшін ең қиын қарсылас кім болды? – Джулиус Индонгомен өткен жекпе-жек менің алда үлкен айқас­тар өткізуіме жол ашты. Өздеріңіз де жақсы білесіздер, бұл айқаста жеңіске жету арқылы IBF Intercontinental белдігіне ие болдым. Рейтингімді де жақсарттым. Қарсы­ласым екі дүркін әлем чемпионы, үш белбеудің иегері, абсолюттік әлем чемпионының кездесулеріне шыққан тәжірибелі боксшы. Сон­дықтан онымен лайықты жұдырық­тасып, шаршы алаңда қарсы­ласымды жеңу үшін тыңғылықты дайындалдым. Шүкір, бәрі ойдағы­дай аяқталып, маған жанкүйерлік танытқан көпшіліктің сенімі аяқ­талды. Екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеттім. Кәсіп­қой бокстағы 10 қарсыласымның бәрі де осал боксшылардың қата­рынан емес. Әсіресе, осылардың арасындағы ең тартысты айқас деп Сильверио Ортиз бен Алан Сан­чеспен өткен жекпе-жегімді ерекше атап өтер едім. – Күні кеше Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирнмен жұ­мысы­ңызды тоқтаттыңыз. Қазір еркін агент­сіз. Алдағы уақытта қай промоу­тер­мен жұмыс істемек ойыңыз бар? – Сәуір айында бұрынғы про­моутерім Эдди Хирнмен  келісім­шартымның уақыты аяқталған болатын. Сол себепті біздер онымен жұмыс істеуді тоқтаттық. Про­моутерімнің келісім аясында бұған дейінгі істеген жұмыстарына риза­шылығымды білдірдім. 10 кездесу өткізіп үлгердім. Негізі, одан да көп, яғни 12-13 кездесу өткізуім керек болатын. Пандемияға бай­ланысты жоспардағы айқас­тары­мның саны да қысқарып қалды. Дегенмен де менің бұрынғы ко­мандама еш ренішім жоқ. Тек кейінгі ұсынылған жаңа келісім­шарт біздің ойымыздағыдай болған жоқ. Сондықтан келісімшарт мерзімін ұзартпаймыз деп шештік.

– Ендігі жоспар – биылдыққа 1-2 кездесу өткізу. Менеджер­лерімнің айтуы бойынша, жел­тоқсан айында Қазақстанда да жекпе-жек кешін ұйымдастырмақ ниеттеміз. Жақ­сы қарсыластар таңдалынады.

– Оныншы жеңісіңізден кейін BoxRec рейтингінде бірден 39-орыннан 26-орынға көтерілдіңіз. Жеңіліссіз серияңыз да жалғасып жатыр. Ендігі жоспар қандай? – Ендігі жоспар – биылдыққа 1-2 кездесу өткізу. Менеджер­лерімнің айтуы бойынша, жел­тоқсан айында Қазақстанда да жекпе-жек кешін ұйымдастырмақ ниеттеміз. Жақсы қарсыластар таңдалынады. Кардта қазақстандық көптеген боксшылар да болады, олардың арасында өзімнің туған ағам Дәурен Елеусінов те бар. Бастысы, оған дейін АҚШ-та бір кездесу өткізуім керек. Бірақ әлі ештеңе нақтыланбады. Жақсы жаңалық болса алдымен сіздермен бөлісетін боламын. – Жанкүйерлеріңізді жақсы жаңалығыңызбен қашан қуантпақ ойыңыз бар? Келесі қарсылас кім болмақ? – Келесі қарсылас қалай бол­ғанда да BoxRec рейтингінде және әртүрлі организациялардың, ұйым­дардың рейтингінде жақсы тұрған былғары қолғап шебер­лерінің бірі болады. 10-15 демей-ақ қояйын, бірақ ТОР 50-дегі боксшы болады. Олармен келісімге келу үшін де жақсы қаражат қажет. Біз бірінші кезекте менің де рейтингімді кө­теретін жақсы қарсыластар іздейміз. Мені әлем чемпионы ти­тулына жақындататын кездесу­лер­дің маңызы жоғары. Қарсыласым­ның нақты кім болатыны әзірге белгісіз. Бастапқыда Маурис Хукер мен Крислан Хирден де қарсылас ретінде ұсынылды. Егер ол бокс­шылар келісімін берсе мен жекпе-жек өткізуге дайынмын. Болмаса басқа боксшыларға ұсыныс тас­таймыз. – Кәсіпқой бокста жүрген қазақ­стандық боксшылар туралы ойыңыз­ды білгіміз келеді. Кімдердің өнерін жоғары бағалайсыз? Кәсіп­қойға ауыс­қысы келіп жүрген отан­дық бокс­шыларға айтар кеңесіңіз. – Кәсіпқой бокста жүрген отандастарымының айқастарын жібермей қараймын. Олардың қалай дамып жатқанын, жіберген қателіктерін де жіті бақылап отырамын. Өзім сол қателіктерді қайталамауға тырысамын. Биыл көптеген үздік деген боксшы­ларымыз алғашқы жеңілістеріне ұшырады. Бірақ бұл – бокс. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бір рет жеңіліс таптым екен деп спорттық мансап­ты аяқтауға да болмайды. Тезірек аяққа тұрып, қайта мықты болып оралу керек. Кезінде кәсіпқой боксшылар ондай сәтсіздіктерді үлкен жеңістің бастамасы деп сана­ған. Сондықтан да біздің боксшы­ларға алдағы жекпе-жектерінде сәттілік тілеймін. Жеңіліссіз келе жатқан Жәнібек, Мейірім, Садрид­дин секілді боксшылар бар. Олар­дың өнерін жоғары бағалаймын. Батырға жанкүйермін. Сұлтан Заурбек, Тұрсынбай Құлахмет секілді болашағынан үлкен үміт күттіретін жігіттер бар. Қазір кәсіп­қой бокста жүрген боксшыларымыз көп қой. Кейбіреулерінің аттарын атамай кетсем ренжітіп алуым мүм­кін. Сондықтан оларға жеке-жеке тоқталмай-ақ қояйын. Кәсіпқой боксқа ауысқысы келіп жүрген боксшыларға айта­рым, біріншіден алға үлкен мақсат қою керек. Америкаға барып, ол жақ­та да тәжірибесін шыңдай түс­кен дұрыс. Кеңес Одағының боксы мықты деп жүре бермей, шеңберден шығу қажет. Өйткені кәсіпқой бокстың деңгейі мүлдем бөлек. Соған үйреніп, мықты бола түсу үшін шет елдегі үздік боксшылардың қарым-қабілетін бойға сіңірген жөн. Бастысы, мені қазақ жастары­ның кәсіпқой боксқа көптеп келіп жатқаны қуантады. Олардың келе­ш­екте үздіктердің қатарынан көрі­неріне ешқандай күмән келтір­меймін. Өйткені қазақ боксы, қазақ­стандық боксшылар әлемдік аренада жоғары беделге ие. Келе­шекте де сол биігімізден түс­пей, қазақстандық боксшылардың аты да төрткүл дүниеге таныла береді деген үміттемін.  

Сұқбаттасқан Абылайхан ЖҰМАШ