Бекмұқашев жаңа қызметке тағайындалды
Бекмұқашев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz
134
оқылды

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қажмұқан Бекмұқашев 1982 жылы Орынбор облысында (РФ) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда заңгер лауазымынан бастаған. 2005-2006 жылдары – Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы. 2006-2011 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2011-2012 жылдары – Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының басшысы; ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің «МемжерҒӨО» РМК бас директоры орынбасарының м. а., Ақтөбе қаласы. 2012-2013 жылдары – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Геодезия, картография және геодезиялық бақылау департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы. 2013-2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму министрлігі, Геодезия және картография басқармасының басшысы. 2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы. 2016-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы. 2019 жылғы тамыз айынан қарашаға дейін – ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы.

2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитеті төрағасының орынбасары болды.