Қазақстан әлемде олимпиада ойындарынан жүлде алған спортшыларға қомақты ақшалай сыйақы тағайындайтын көшбасшы елдердің қатарынан көрініп жүр. Дегенмен спортшыларына Қазақстаннан да көп сыйақы беретін елдер жоқ емес, ал бір елдерде жүлдегерлерге мүлде ақшалай сыйақы қарастырылмаған. Мысалы, ондай елдер қатарында Ұлыбритания, Швеция, Норвегия және Хорватия бар. Aikyn.kz бүгін басталған Токио Олимпиадасында жүлдегер атанған спортшыларға қанша сыйақы берілетінін анықтап, кестеге тізді.
Қазақстан Олимпиада чемпионына 250 мың доллар, күміс алған спортшыға 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар береді. Жүлде алған спортшының медаліне байланысты бапкерлеріне де сондай көлемде сыйақы бар. Мысалы, бір спортшы чемпион атанса, бапкерлерге деп 250 мың доллар бөлінеді. Оның 80%-ы қазіргі бапкеріне, 10%-ы осы атлетті тапқан бапкерге, 10%-ы ұлттық құраманың бас бапкеріне беріледі. Бұдан бөлек облыс, қала әкімдіктері де жүлде алған спортшыларға пәтер мен көлік сыйлайды.Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Токио Олимпиадасынан жүлдемен оралған боксшыларға мемлекет тарапынан берілетін қаржыдан бөлек, федерация басшысының атынан тағы 100 мың доллар берілетінін айтқан еді. Күміс медальға 70 мың, қола жүлдеге 50 мың доллар қарастырылған. Үкімет беретін сыйақыдан бөлек, чемпион атанған боксшының жеке бапкеріне – 25 мың доллар, күміс жүлдегердің бапкеріне – 15 мың доллар, қола жүлдегердің бапкеріне – 10 мың доллардан үлестіріледі. Қазақстан атынан Токио Олимпиадасына 9 боксшы қатысады. Оның сегізі ерлер құрамасынан болса, біреуі қыздар құрамасында жұдырықтасады.
Кей елдер олимпиада жүлдегеріне қанша беретінін ашық жарияламады. Спортшыларға берілетін сыйақы мөлшерін ресми жариялаған елдердегі дерек кестеге салынды.
Түрлі елдерде олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы төленеді? (АҚШ долллары) |
|||
Ел |
Алтын |
Күміс |
Қола |
Сингапур |
1 млн |
500 мың |
250 мың |
Индонезия |
746 мың |
378 мың |
188 мың |
Өзбекстан |
300 мың |
200 мың |
100 мың |
Қазақстан |
250 мың |
150 мың |
75 мың |
Әзербайжан |
248 мың |
124 мың |
62 мың |
Италия |
166 мың |
83 мың |
55 мың |
Қырғызстан |
118 мың |
82 мың |
59 мың |
Венгрия |
125 мың |
89 мың |
71 мың |
Үндістан |
103 мың |
67 мың |
48 мың |
Франция |
55 мың |
22 мың |
14 мың |
Ресей |
54,5 мың |
34,5 мың |
23,3 мың |
АҚШ |
37,5 мың |
22 мың |
15 мың |
Оңтүстік Африка |
37 мың |
19 мың |
7 мың |
Тәжікстан |
26 мың |
21,8 мың |
17,5 мың |
Канада |
15 мың |
11 мың |
8 мың |
Аустралия |
13 мың |
10 мың |
6,9 мың |