Ақша төлегендердің пайдасына үкім шығарған судья 9 жылға сотталды
Ақша төлегендердің пайдасына үкім шығарған судья 9 жылға сотталды
Фото: nur.kz
187
оқылды

Ол өмір бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырыла отырып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сүлейменов орман шаруашылығының директоры Юлдашовтан өзі шығарған ақтау үкімін күшінде қалдырғаны үшін облыстық судьяларға беремін деп 12 миллион теңге сомасында ақша алды деп күдікке ілінген. Алайда облыстық сот Юлдашовқа айыптау үкімін шығарды. 2021 жылдың 22 шілдесінде Талдықорған қалалық соты Сүлейменовті 9 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырды», – деді Данияр Биғайдаров.

Осы үкім бойынша Юлдашов пара беруге оқталғаны үшін және Имиров пара беруге қатысқаны үшін 8 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тергеу 2020 жылдың қыркүйегінде басталған еді. Агенттіктің мәліметінше, судья ақша төлегендердің пайдасына үкім шығарған.