ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бүгінде вакцинаның бірінші дозасынан 582 141 екпе қалған.
"Екінші компоненттен 1 194 000 қалды. Бүгінде бірінші компонент бойынша айтар болсақ, 20 мыңдай CoronaVac бар. Ол барлық аймақта, әртүрлі мөлшерде. Вакцинаның бұл түрі Маңғыстау облысында көп, бірақ Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жоқ. 561 мың "Спутник-V" қалды. Вакцина барлық өңірде бар. QazVac-тың үш мың дозасы қалды. Ол төрт өңірде: Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Алматыда жоқ. Ал Sinofarm-ның 6 286 дозасы қалды", – деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Есмағамбетованың айтуынша, Sinofarm тек Маңғыстау облысында қалған.
2021 жылғы 22 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 054 970 адам, 2-компонентін 3 075 907 адам салдырды.