Жаңа әмбебап спорт алаңы пайдалануға берілді
Жаңа әмбебап спорт алаңы пайдалануға берілді
305
оқылды
«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Т.Төреғалиевтың атына Елтай сайлау округі бойынша мәслихат депутаты А.Балғалиевтен Сырым ауданы Елтай ауылдық округі Тасқұдық ауылындағы спорт алаңының құрылысын жүргізу жөнінде өтініш түскен болатын. Сайлау науқанында Тасқұдық ауылының халқына партияның сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, жол картасы бойынша 2021 жылдың шілде айында құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарланды. Бұл іске жауапты ретінде аудандық мәслихат депутаты Жасқайрат Жолымбетұлы бекітілген. Құрылыс жұмыстарының құны – 14,593 млн теңге. Мердігер – «Жайық Сити» ЖШС. Елорда күні қарсаңында округ орталығы Тасқұдық ауылында су жаңа әмбебап спорт алаңы пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылу рәсімін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев пен ауыл тұрғыны Айтжан Ізбасов жүргізді.  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан жобаның құны – 15,2 млн теңге. Алаң көлемі – 525 шаршы метр.  width=