Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
"Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі №16 Қаулысымен ҚР мен Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2021 жылғы 26 шілдеден бастап мынадай шектеу шаралары енгізілді:
1) Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салу:
қоғамдық көлікке;
сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмысшыларына;
спорт объектілеріне (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға (тамақ жеткізуге рұқсат етіледі);
білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балалар даму орталықтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының қызметтеріне;
банктер, ХҚКО, Қазпошта бөлімшелеріне;
діни нысандарға.
2) жұмыс күндері қызметті шектеу:
Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорт сағат 20.00-ге дейін, Ashyq жобасына қатыспайтындарға сағат 17.00-ге дейін;
Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер сағат 20.00-ге дейін, Ashyq-қа қатыспайтындарда сағат 17.00-ге дейін;
3) Ashyq жобасына қатысуына қарамастан ашық және жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттракциондардың қызметін тоқтата тұру.
Алматы облысында кейінгі тәулікте 230 адамнан коронавирус анықталған.