Қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева "2021 жылғы 14 шілдедегі №23 Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыға қол қойды.
Қаулы 2021 жылғы 26 шілде, сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Жаңа құжатта сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттердің орналасуына қарамастан жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріліп, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды.
"Бұл ретте, көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына, оның ішінде Ashyq жобасына қатысатын объектілердің жұмысына қатаң тыйым салынады. Ashyq жобасына қатысатын фудкорттардың жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен және тамақты жеткізуге және шығару қызметі жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады", – делінген қаулыда.
Ashyq жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен белгілей отырып ұйымдастырылады.
Компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, боулингтердің, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, байланыс зоопарктерінің, океанариумдардың, батуттардың жұмыстарына тыйым салынады.