Жастарды қолдау жалғасады
Жастарды қолдау жалғасады
285
оқылды

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы жа­нын­дағы жастарды қолдау бойынша Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Онда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жү­зеге асырудың Жол картасына сәйкес «Еңбек» бағдарламасы ая­сында бөлінетін 519 гранттың 260-ы немесе 50%-ы жастарға бе­рілуі тиіс екені айтылды. Сондай-ақ жиында бүгінде жыл басы­нан бөлінген 260 гранттың 119-ын немесе 46%-ын жастар алғаны бел­гілі болды.

Аймақтық индикатордан тө­мен көрсеткішті 7 аудан – Целино­град, Біржан сал, Зеренді, Бұлан­ды, Бурабай, Шортанды және облыс орталығы Көкшетау қаласы көрсетіп отыр. Сонымен қатар партияның «Жол картасын­да» көрсетілген меже бойынша қай­тарымсыз грант 800 адамға бе­рілуі керек. Ал жоспарды орын­дау үшін Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігіне 163,4 млн теңге сома­сына қосым­ша бюд­жеттік өтінім жасалған. Ақмола облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ла­маларды үйлестіру басқар­ма­сының жетекшісі Дина Ахмет­жа­нованың айтуынша, «Бастау бизнес» курсынан өткен жастар­дың ішінде шағын несие алған жастардың үлесі әзірге 30 пайыз болып отыр. Мәселен, жыл басынан жалпы сомасы 1169,5 млн теңге көлемін­дегі шағын несиені 247 азамат алған. Жоспарланған 354 микроне­сиенің 54-ін жастар алуы тиіс. Ал әзірге 13 ауданнан 20 жас жеке кәсіппен айналысу мақсатында шағын несие алған. Бірақ нәтижесі жаман емес. 262 жаңа жұмыс орны ашылған, оның 80%-дан астамы ауылда. Биыл «Бастау бизнес» жоба­сының түлектеріне шағын несие беру үшін 386 жобаға 1 543 млн теңге бөлінді. Өңірдегі эпиде­мио­логиялық ахуалға байланысты оқыту қашықтан Atameken Academy онлайн платформасы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Биылғы жоспар бойынша «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында 1 300 адам оқытулы тиіс. Қолдарына серти­фикат алғандардың 151-і 101,7 млн теңгеге өз жобаларын іске асырды. Айта кетейік, биыл «Бастау биз­нес» жобасына қатысуға Егін­дікөл мен Қорғалжын және Жар­қайың аудандарынан өтінімдер аз түскен. Оған шалғай аудандарда ға­ламтор желісінің нашар болуы бірден-бір себеп болғанын айтты бағдарлама үйлестірушісі. Өйткені оқыту курсы онлайн режимде өтіп жатыр. Жиын соңында өңірлік кәсіпкерлер палатасының жетек­шісі Ерғанат Мұсылманбек бұл бағытта партияның қолдауы қажет екенін жеткізді.

Әбілмансұр ЖАСАН