Қоқысты сұрыптау да маңызды
Қоқысты сұрыптау да маңызды
557
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта қатты тұрмыстық қал­дықтарды қайта өңдеу мен жою үлесі 14,2 пайызға жетті. Осы және өңірдегі ауаның ластануына қатысты мәселелер «Nur Otan»  партиясы жанындағы қоғамдық экологиялық кеңес отырысында талқыға салынды.

Бүгінде қоқысты бөлектеп жинау мәселесі «Радуга» ЖШС-нің көмегімен шешімін тауып жатыр. Кәсіпорын тұрғындар қоқыс тастайтын орындарға 1 120 контейнер және мекемелер мен ұйымдарға қағаз қалдықтарына арналған 800 экобокс орнатқан. Жауапкершілігі шектеулі се­рік­тестік қалдықтарды түр-түрі бо­йынша сұрыптап, қайта өң­делген полимерден халық тұтынатын тауарлар өндіреді. Бұған қоса қайталама шикізат қабылдайтын сегіз стационарлық және бір мо­бильдік қосын ұйымдастырылған. Пайдаланылған сынапты шам­­­­дар­ды лақтыру үшін Петро­павлда – 30, облыс аудандарында 49 контейнер бар. Өңірде қоқыс жинау, сұрыптау, өңдеу және жою жұмысымен 20 кәсіпорын ай­налысады. Соның ішінде 11 кә­сіп­орын қатты тұрмыстық қал­дық­тар­ды қайта өңдеумен, 9-ы өнер­кәсіп­тік және медициналық қал­дықтарды жоюмен шұғыл­данады. Отырыс барысында айтыл­ғандай, биыл «Қызылжар Таза­лық» ЖШС-не қарасты Петро­павл полигонында қоқыс сұрып­тау қолға алынды. Әзірге оның қуаттылығы шамалы – жылына 30 мың тоннаға дейін. Сұрып­талған қайталама шикізат «ЛС Петропав­ловск» ЖШС-не қайта өңдеуге тапсырылады.

Роза ШӘКЕН, Солтүстік Қазақстан облысы