Мемлекеттік мекемелер партия бақылауында
Мемлекеттік мекемелер партия бақылауында
318
оқылды

«Nur Otan» партиясы Жам­был облыстық филиалының Партиялық бақылау комис­сия­сы мен партия жанынан құ­рылған Жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топтар­ды қолдау жөніндегі кеңес мү­ше­лері Сарысу ауданын­да­ғы бірқатар мемлекеттік ме­кемеде болып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шара «Еңбек» нәти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2016-2021 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы мен пар­тияның Сайлауалды бағдарла­масын іске асыру Жол карта­сындағы «Ерекше қажеттіліктері бар адам­дар­ды қолдау» тармағы­ның ауданда орындалу барысымен танысу мақсатында ұйымдас­ты­рылды. Жалпы, Сарысуда 300-ге жуық тұрғын қайтарымсыз грант иегері атанып, бүгінде кәсібін дөңгелетіп келеді. Зерделеу барысында жұ­мыс­шы топ грант иелерімен кез­десіп, жұмыстарымен танысты. Жобалардың басым бөлігі мал ша­­руашылығын дамытуға бағыт­тал­­ған. Кәсіпкерлер бүгінде мүйіз­ді ірі қара, ұсақ мал мен жылқы өсіріп, мал басын көбейтіп жатыр. Сондай-ақ грант алып, тігін және кондитерлік цех ашқандар да бар. Мем­лекет тарапынан мұндай қол­дауға ие болған азаматтар алғысын жеткізді. Бұдан бөлек, жұмысшы топ Сарысу ауданы мен Жаңатас қа­ласы әкімдігінің және Халыққа қызмет көрсету орталығының мүм­кіндігі шектеулі жандарға қол­жетімділігін зерделеді. Комиссия мүшелері алдымен әкімдікте болып, ғимараттың 75%-ы ғана талапқа сай келетінін анық­­­тады. Мәселен, пандустар та­лапқа сәйкес болғанымен, дәрет­ха­на мен көлік тұрағы стандартқа сай кел­мейді. Ал аудандық Халыққа қыз­мет көрсету орталығы ғимара­тын­да ерекше жандарға қолайлы жағдай толық жасалмаған. Ондағы пандус жанына қоңырау белгісі қойылма­ған және баспалдақта сары жолақ­тар жоқ. Сондай-ақ мекемеге кіре­берісте «Зағип жаяу жүру­ші­лер» жол белгілері орна­тылмаған. Зерделеу соңында жұмысшы топ мүшелері мекеме басшыларына кемшіліктер бойынша тиісті жұ­мыс жүргізіп, олқылықтың орнын толтыру қажет екенін айтты. Мүм­кіндігі шектеулі жандарға ке­дер­гі­сіз орта қалыптастыру ба­ғытын­да­ғы партиялық рейд жұ­мыстары одан әрі жалғасатын болады.

Әбілмансұр ЖАСАН