Қазақстандықтың жеке мәліметтері жария болды
Қазақстандықтың жеке мәліметтері жария болды
© sts.kz
219
оқылды

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның KZ-CERT компьютерлік оқиғаға әрекет ету қызметі жүргізген мониторинг барысында Telegram қолданушыларының 744 мың жазбасы сақталған файл желіге тарап кеткені белгілі болды.

Онда 30 мыңнан астам қол­да­ну­шының ID, аты, тегі, теле­фон нөмірі, «өзі туралы» деген бағандағы сипаттамасы жазыл­ған ақпарат бар. Алаяқтар бұл ақпаратты «Құдайдың көзі» деп аталатын платформаға сұраным жіберу арқылы иеленген. «Telegram-арна авторы қолдану­шылар туралы жеке мәліметтер жинақталған файлды «Құдай­дың көзі» деп аталатын клиент­тер базасынан құралған плат­форма ретінде сипаттайды. Бұл платформаға азаматтар сұратым жіберіп, желі қолданушы­ларының жеке мәліметтерін ала алады. Сондай-ақ мессендж­ерлер де дереккөзі болуы мүм­кін» делінген «Мемлекеттік тех­никалық қызмет» АҚ хабар­ламасында. Бүгінде ТМД-да бұл қызмет түрін 1 миллионнан астам адам пайдаланады. Деректердің бұ­лай желіде тарауы алаяқ­тардың қолына түсуі мүмкін екенімен қауіпті. Олар жеке мәліметтерді телефон арқылы банктен аза­мат­тардың ақшасын өзіне ауда­рып алу үшін пай­далануы мүм­кін.

Н.ОРАЗҒАЛИ