АҚШ хирургтері алғаш рет адамға жасанды жүрек салу отасын сәтті жасады
АҚШ хирургтері алғаш рет адамға жасанды жүрек салу отасын сәтті жасады
Сурет: marionbrun
367
оқылды
Америка хирургтері алғаш рет адамға жасанды жүрек салып берді. Жүректі Францияның Carmat компаниясы жасап шығарған, деп хабарлайды Informburo.kz. Дьюк университетіндегі Медицина орталығының хирургтер командасы 39 жастағы науқасқа жасанды жүрек (TAH — total artificial heart)  салып берді. Бұл – мұндай отаны сәтті жасаған АҚШ-тағы бірінші аурухана. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Алайда ол үнемі өзімен бірге салмағы шамамен 4 кг. болатын сөмке алып жүруге мәжбүр. Сөмкенің ішінде жүрек қағысының тоқтап қалмауына көмектесетін сұйықтық пен жасанды ағзаны төрт сағат бойы тоқтамай жұмыс істеткізетін аккумулятор бар. Жасанды жүректі Францияның Carmat компаниясы жасап шықты. TAH имплант протезі сырттан қуат алу арқылы жұмыс істейді. 2020 жылы компания Американың медицина мекемелерінде TAH зерттеуін жүргізу үшін Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының (FDA) мақұлдауын алды. Зерттеу бивентрикулярлық жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын он науқасқа жүргізіледі. Дьюк университетінің Медицина орталығында жасалған жүрек алмастыру отасы – клиникалық зерттеудің бір бөлігі. Өндірушілер TAH жасанды ағзасының әдеттегі жүректен айырмашылығы жоқ екенін және отадан кейін науқастың жағдайы жақсара түсетінін айтады.

Бұл нені білдіреді?

Әлем бойынша ағза донорлары жетіспейді. Миллиондаған адам жылдар бойы өзіне керек ағзаны күтеді. Өкінішке орай, көптеген науқас өз кезегі келгенше көз жұмады. Қазіргі сәтте жасанды ағзалар жасап шығару бұл проблеманы шешудің жалғыз көзі болып отыр. Жасанды жүрек толықтай зерттеліп, Еуропада адамға салуға рұқсат берілді. 2021 жылдың шілде айында Неаполде бірінші рет клиникалық зерттеулерден тыс науқасқа TAH салынды. Америка және Еуропа хирургтері жасанды жүрек салу отасын сәтті жүргізіп жатқанда, басқа ғалымдар науқастарға ағза жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін зерттеулер жүргізуде. Болашақта жасанды ағзаны 3D-принтер арқылы басып шығару – биопринтинг әдісі қолға алынуы мүмкін.