Токио Олимпиадасы: Зарина Дияс ойынды жалғастырудан бас тартты
Токио Олимпиадасы: Зарина Дияс ойынды жалғастырудан бас тартты
Сурет: sxodim.com
148
оқылды

Токио Олимпиадасында теннистен жекелеген бәсекелер өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін үш теннисшіміз өнер көрсетті, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстаннның бірінші ракеткасы Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевке қарсы шықты. Бірақ айласын асыра алмады. Бублик екі сетте (4:6, 6:7) ұтылып қалды. Ал Елена Рыбакина өз қарсыласына бірде-бір сет бермеді. Қазақстандық теннисші австралиялық Саманта Стосурды 6:4 және 6:2 есебімен жеңіп кетті. Одан кейін кортқа Зарина Дияс шықты. Оның қарсыласы – әлемнің №11 ракетасы чехиялық Барбора Крейчикова. Ал жерлесіміз WTA рейтингісінде 99-шы орында тұр. Қарсыластың қарқыны қатты болды. Дегенмен Дияс жақсы өнер көрсете білді. Бірнеше ұпайға қол жеткізді. Алайда жарты сағаттан кейін жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Ол кезде есеп 2:5 болып тұрған. Осылайша жеңіс Барбораға берілді. Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия алды. Қазақстанның атынан 7 спортшы өнер көрсетіп жүр. Олар - Александр Бублик, Елена Рыбакина, Михаил Кукушкин, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Андрей Голубев пен Ярослава Шведова.