Токио-2020: Руслан Курбанов семсерлесуден 1/16 айналымға өтті
Токио-2020: Руслан Курбанов семсерлесуден 1/16 айналымға өтті
Сурет: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
192
оқылды

Токиода Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні жалғасуда. Бүгін шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов алғашқы айналымда жеңіске жетті, – деп жазады Olympic.kz

Курбанов бірінші айналымда италиялық Марко Фихерамен кездесіп, қарсыласын 15:7 есебімен ұтты. Русланның келесі айналымдағы қарсыласы Масаду Ямада (Жапония) – Роман Петров (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы болмақ.