Түркістандықтар өздері таңдаған ауыл әкімдерін сайлап жатыр
Түркістандықтар өздері таңдаған ауыл әкімдерін сайлап жатыр
150
оқылды

Бүгін Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет дамуы үшін маңызы бар бұл сайлауда Түркістан облысы бойынша 16 аумақтан жалпы саны ауыл әкімі болуға 166 үміткер тіркеліп, саяси додаға қатысып жатыр. Атап айтсақ, өңірде 60 ауыл округі әкімдерінің сайлауына сайлаушылар таңғы 7.00-ден бастап атсалысып, өз таңдауларын жасай бастады. Саяси доданың әділ өтуін арнайы бақылаушылар бақылап отыр.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қоғам жылы қабылдап, оң бағасын берді. Республика бойынша 14 өңірдің 176 ауданындағы 730 ауыл округінде сайлау өткізу жөнінде шешім қабылданды. Түркістан облысында да ауыл әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр. әкім, сайлау, бата, Түркістан Ең алғаш дауыс бергендердің бірі – 86 жастағы Үсіпбек Сапарбеков ақсақал. Арыс қаласы, Монтайтас ауылындағы №20 сайлау учаскесінде дауыс берген ауылдың ақсақалы елді бірлікке, үміткерлерді ел алдындағы сертке адал болуға шақырып, ақ батасын берді. Сонымен бірге Арыс қаласы, Байырқұм ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жасан Сахов бұл сайлаудың ауыл өміріне тікелей әсер ететінін айтып, саяси додаға жоғары бағасын берді. Өз таңдауын жасап, азаматтарға сәттілік тіледі. Түркістандық Сондай-ақ, Түркістан облысы, Сайрам ауданында да сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Құтарыс ауылдық округінде таңғы 8.20-ға дейін 112 адам дауыс беріп үлгерген. Ең алғашқы 5 сайлаушыға сыйлықтар үлестірілген. Өңірдегі 16 аумақтан жалпы саны 166 үміткер тіркеліп, саяси доданың үгіт-насихат кезеңін жүргізді. Оның ішінде ең көп кандидат ұсынған Nur Otan партиясы. Жетекші партиядан 47 үміткер қатысып жатыр. Ал жалпы Түркістан өңірінде халық саны 2 049 681 адам болса, оның 1 160 196-сы дауыс беруге құқылы. Ал ауыл әкімдері сайлауы бойынша Түркістан облысындағы учаскелер саны – 241. Осы учаскелерде 265 146 адам өз таңдауын жасайды. Сайлау учаскелерінде карантин талаптары сақталған. Саяси доданың әділ өтуін арнайы бақылаушылар бақылап отыр.

Тельман БЕЙСЕНОВ