Қарағанды облысында 149 ауылда сайлау өтіп жатыр
Қарағанды облысында 149 ауылда сайлау өтіп жатыр
Фото: ortalyq.kz
130
оқылды

Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлау 13 ауылда, 17 кентте және 45 ауылдық округте жалпы, 149 сайлау учаскесінде өтуде.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мәдина Апиеваның айтуынша, ауыл әкімі болуға 303 кандидат ұсынылып, 257 кандидат тіркелді.

Бүгінгі таңда сайлаушылар тізімінде 80 мыңнан астам азамат бар. Сайлау комиссияларының құрамында 952 мүше тіркелген.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында, сондай-ақ облыстық сайлау комиссиясының сайтында, «сайлау» бөлімінде ұсынылған және ол әрбір екі сағат сайын жаңартылып отырады.