Саясаттанушы Олжас Беркінбаев елімізде өтіп жатқан ауыл әкімдері сайлауына қатысты пікір білдірді.
"Былтыр Президент Жолдауында айтқан ауыл әкімдерін сайлау басталды... Пандемия болмағанда бұдан да қызу өтер ме еді, кім білсін?
Бірақ бірінші рет өтіп жатқан ауыл әкімдерінің биылғы сайлауында белсенділік байқалады. Бірнеше сыныптастарымыз бен бірге оқыған курстастарымыз қатысып жатыр екен. Кейбірі фейсбукқа енді тіркеліп жатқандықтан, тегтеп кетуді жөн көрмедік.)Бүгінгі келіп түскен ақпараттарға сенсек, болашақ ауыл әкімдерінің тағдырын ел сайлаушыларының 13%-ы немесе 1,2 млн азамат шешуде. 730 ауыл округіне 2 297 кандидат әкім болуға ниет білдірген. Яғни бір орынға 3 кандидат болса, оның ішінде 2-уі өзін-өзі ұсынғандар, 1-уі саяси партиялардан көрінеді.
Ендеше бүкіл үміткерлдің лайықтысына сәттілік тілейміз! Сайлау сынсыз өтсін!)", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.