Қызылорда облысында жергілікті тұрғындардың 48,8%-ы ауыл әкімдеріне дауыс берді
Қызылорда облысында жергілікті тұрғындардың 48,8%-ы ауыл әкімдеріне дауыс берді
© gov.kz
304
оқылды
Қызылорда облысында 13.00-ге дейін ауыл әкімі сайлауына келгендер 48,8%-ті құрады. Ол 17 614 адамды шамалайды, – деп хабарлайды облыстық сайлау комиссиясы. Өңірде 40 сайлау округінде ауыл әкімі сайлау өткізілуде. Онда барлығы 122 адам үміткер ретінде тіркелген. Оның ішінде саяси партиялардан – 47 адам түссе, 75 кандидат өз-өзін ұсынғандар. Облыс бойынша орташа бәсекелестік 3 адамнан болып тұр. Ал 6 округте – 2, 28 - 3, 5 округте 4, 1 округте – 6 кандидаттан тіркелген. Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 36 071. Сағат 13.00-ге дейін 17 614 адам сайлау учаскесіне келді. Ол 48,8%-ды құрап отыр. Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы бар. Оның ішінде келушілер саны 3831 адам, бұл – 47,8 %. Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 1516 адам, ол – 56,7%. Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы тіркелген. Келушілер саны 1142 – 33,5%. Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске. Онда 3596 адамнан 1733 адам келді. Ол – 48,2%. Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы бар. Келушілер саны – 1337 (47,6%). Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы бар. Келушілер саны – 2290 адам. Ол – 54,2 %. Жаңақорған ауданында 13 округте 17 учаске бар. Онда қазірге дейін 11340 сайлаушының 5765-і келген. Ол – 50,8 % құрайды.
«Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз-шағым түскен жоқ. Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестік және коммерциялық емес ұйымдардың, сенім білдірген адамдары мен байқаушылары – 313 адам байқау жүргізуде», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.