Түркістан облысы Жетісай ауданының Ералиев ауылдық округінде тұратын Кеңесбай Дінмұхамед пен Кеңесбай Ермұхамед саяси науқанда өз таңдауын жасау үшін биыл да сайлау учаскесіне келді. Бұл жігіттер Ералиев ауылдық округіндегі №240 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
– Президент сайлауынан кейін бүгін екінші рет сайлауға келіп, еліміздің жарқын болашағы үшін, ауылымыздың өсіп-өркендеуі үшін, сондай-ақ еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілік үшін дауыс бердік. Әрбір саяси науқанды құр жібермейміз, міндетті түрде келіп дауыс береміз. Біздің жасаған таңдауымыз, берген дауысымыз елдің болашағы үшін маңызды, – дейді Кеңесбай Дінмұхамед пен Кеңесбай Ермұхамед.