«Елдің демократиялық даму жолында ауыл әкімдерін сайлау маңызы аса жоғары саяси оқиға. Өйткені, бұдан елдің әрбір азаматының азаматтық ұстанымы мен пікірі анық көрінеді. Сайлауға түскен кандидаттардың барлығы тепсе темір үзетін жастар болғанына қуанып отырмын. «Жас келсе іске» демекші ауылдықтардың жағдайын жақсы білетін, қолынан іс келетін азаматтың сайланатынына сенімдімін. Сайлауда барлық санитарлық талаптар мен маскалық режим сақталған. Өзім қатысып отырған сайлау учаскесінде бәрі әділ өтіп жатыр деп айта аламын. Ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Сайлаушылар дауыс беру палатасына кіріп, әрі қарай шығып кетіп жатыр. Қазірге дейін 350 адам өз таңдауын жасады. Жалпы 2221 адам дауыс беруі тиіс. Ауыл әкімі сайлауынан жеңіп шыққан үміткердің бұрынғы әкімнің ісін әрі қарай жалғайтын жақсы әкім боларына сенеміз», – дейді Ақшұқыр ауылынан «Nur Otan» партиясының байқаушысы Ибраш Нұртілеуов.Соңғы мәліметтерге сенсек Маңғыстау облысындағы сайлау құқығы бар 144 мың адамның 36,6 пайызы өз таңдауын жасаған.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ