Түркістан облысында сайлаушылардың 64%-ы ауыл әкімдеріне дауыс берді
Түркістан облысында сайлаушылардың 64%-ы ауыл әкімдеріне дауыс берді
197
оқылды
Түркістан облысында күндізгі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша ауыл әкімдеріне жергілікті халықтың 64 пайызы дауыс берді. Бұл туралы арнайы өткен брифинг барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев  хабарлады. Комиссия төрағасының айтуынша, сайлау барысында 168 605 адам дауыс берген. Атап айтқанда, Арыс қаласында – 7 488 (72%), Кентау қаласында – 5 755 (68%), Бәйдібек ауданында – 2 562 (65%), Жетісай ауданында – 17 329 (64 %), Қазығұрт ауданында – 12 189 (61%), Келес ауданында – 20 498 (67%), Мақтаарал ауданында – 10 793 (64 %), Ордабасы ауданында – 4 705 (63%), Отырар ауданында – 8 350 (65%), Сайрам ауданында – 10 874 (67%), Сарыағаш ауданында – 33 609 (63%), Сауран ауданында – 6 160 (76%), Созақ ауданында – 10 070 (58%), Төлеби ауданында – 12 119 (55%), Түлкібас ауданында – 5 215 (60%), Шардара ауданында – 889 (70%) азамат дауыс беруге қатысқан. Жалпы 60 ауылдық округте үміткуерлердің саны 166 адамды құрайды. Яғни, кейбір ауылдарда бір орынға төрт үміткерге дейін ұсынылып отыр. Ал, сайлау барысында өрескел заңбұзушылықтар тіркелмеген. Тек Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі бойынша бір азаматтан арыз келіп түскен. Бірақ заңбұзушылық әрекет дәлелденген жоқ.
«Бір сайлаушы екі адамға дауыс берді деп арыз беріпті. Біз ол факті бойынша тексеру ұйымдастырдық. Ол жалған арандатушы арыз болып шықты. Заңбұзушылық жоқ. Одан бөлек бізге арыз-шағымдар келіп түскен жоқ», – дейді Әлібек Өмірәлиев.