Алматы облысында Энергетикалық бақылау комитетінің лауазымды тұлғалары парамен ұсталды
Алматы облысында Энергетикалық бақылау комитетінің лауазымды тұлғалары парамен ұсталды
© turkystan.kz
207
оқылды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Осылайша, осы Департаменттің басшысы өзіне бағынышты – бас маманның делдалдығы арқылы Талғар АЭЖ қызметкерінен осы мекемедегі электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу күдігіне ілінді. Аталған тұлғалар пара алу және беру, сондай-ақ, осыған делдал болу фактілері бойынша өз кінәларын толық мойындауларына байланысты ұсталған жоқ. Тергеу жалғасуда. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жарияланбайды.