Қазақстанда 90 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
Қазақстанда 90 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
© REUTERS / The Central Hospital of Wuhan
132
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен COVID белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар санын жариялады. Ақпаратқа сәйкес, бір тәулікте коронавирустан 70 пациент, ал пневмониядан 20 науқас көз жұмды. 26 шілдедегі мәлімет бойынша, 83 084 адам коронавирус инфекциясынан (– 81 077 + және 2007 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 868 пациент стационарда, 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 1 444 адамның жағдайы ауыр, 304 науқас хәл үстінде жатыр. 183 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.