Ол Instagram парақшасында замандасы әрі құрбысына арналған әннің бейнежазбасын жариялады. Сондай-ақ қос әншінің бірге түскен архивтік суретін көпшілік назарына ұсынды.
«Пәктігі едің өмірдің...»: Мақпал Жүнісова әнші Мәдина Ералиеваны еске алды
274
оқылды

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова «Қазақтың Ақбаяны» атанған марқұм әнші Мәдина Ералиеваны еске алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол Instagram парақшасында замандасы әрі құрбысына арналған әннің бейнежазбасын жариялады. Сондай-ақ қос әншінің бірге түскен архивтегі суретін көпшілік назарына ұсынды.

– Бүгін Мәдина Ералиева замандасымыздың өмірден озған күні. Топырағы торқа болсын! – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Бейнежазбада әншінің марқұм құрбысына арнаған жүрек тебірентерлік жыр жолдары берілген.

Аққуы едің көлімнің,
Гәккуі едің елімнің.
Замандас құрбым Мәдина,
Пәктігі едің өмірдің,
Есіме сені алармын,
Есіме сені аламын!

Мәдина Ералиева қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасымен, ерекше дауысымен ел есінде қалған өнер иесі еді. Оның орындауындағы «Ақбаян», «Күрең күз», «Сағым жылдар» секілді әндер тыңдарманның жүрегінен орын алды.

Айта кеткен жөн, Мадина Ералиева 2000 жылғы 27 қарашада көлік апатынан қаза тапты. Биыл әншінің өмірден өткеніне 26 жыл толды.