Қазақстанның солтүстігінде ыстықтың беті қайтады
Қазақстанның солтүстігінде ыстықтың беті қайтады
© shymkenttv.kz
202
оқылды
"Қазгидромет" РМК 27-29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.  Аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді. Осыған байланысты салқын ауа массалары жылудың төмендеуіне әкеледі. Негізінен, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Түндер салқын, ал күндізгі температура ыңғайлы болады деп күтіледі. Ал республика аумағындағы ауа-райының қандай болатынын төмен қысымды алаң анықтайтын болады.  28 шілдеде батыс пен шығыста, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батыста және оңтүстікте, 29 шілдеде орталықта күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр, сондай-ақ, бұршақ жауады деп болжануда. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі түнде 8-16, ал күндіз 17-30 градусқа жетеді. Орталықта және шығыста ауа температурасы түнде 8-18 дейін, күндіз 22-30 градус  болады.