Sputnik.kz-тің жазуынша, ұл бала дүниеге келген. Енді көпбалалы отбасының 7 қыз, 10 ұлы бар.
Көпбалалы әке Павел Култышев ұлының есімін Давид деп қойған.
Көпбалалы отбасы Павел мен Татьяна Култышевтар Петропавлда тұрады. Көпбалалы ана тұңғышын 20 жасында дүниеге әкелген. Егіз балалары жоқ. Сәбилерінің арасы, негізінен, 1 жас шамасында.