Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 24 шілдеде Атырау қаласында тұратын 40 жастағы азаматтан шағым түскен.
«Шағымданушының айтуынша, оның ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы белгісіз біреу 1 млн теңге несие рәсімдеген. Жәбірленушінің атына интернет арқылы несие рәсімдеген алаяқ Павлодар облысының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды», – деді полицей.
Қазір оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену ) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.