Әуежай мен теміржол вокзалдарында жолаушыларды жіті тексеретін болды
Әуежай мен теміржол вокзалдарында жолаушыларды жіті тексеретін болды
Фото: basnews.kz
147
оқылды

​Жыл басынан бері жалған ПЦР-тестін сату және пайдалану бойынша 45 қылмыстық іс және вакцинация паспортын сату және пайдалану бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды.​

Әуежайлар мен теміржол вокзалдарында азаматтардың коронавирус мәртебесін Ashyq қосымшасы арқылы тексеру, сонымен қатар ПЦР-тест пен вакцинация паспортының шынайылығына тексеру күшейтілді.​

Бұған дейін жалған құжат жасаған Алматы әуежайының қызметкерлері туралы жазған болатынбыз.