Ақтөбе – Нөкіс қалалары арасында жаңа әуе рейсі қатынайды
Ақтөбе – Нөкіс қалалары арасында жаңа әуе рейсі қатынайды
© azattyq-ruhy.kz
251
оқылды
Премьер-Министр Асқар Мамин Өзбекстан көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті. Тараптар транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Екі тарап 29 шілдеден бастап аптасына екі рет жиілікпен «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Қазір ҚР мен ӨР арасында аптасына 32 рейс орындалады. Кездесу барысында тараптар бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру — «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржол желісін, «Түркістан – Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралін салу және т. б. жоспарларды талқылады.