Таразда жалған ПТР-тест анықтамасын берген медицина қызметкері  ұсталды
Таразда жалған ПТР-тест анықтамасын берген медицина қызметкері  ұсталды
230
оқылды
Жамбыл облысы Тараз қаласындағы емханалардың бірінде жалған ПТР-тест анықтамасын берген медицина қызметкері  ұсталды. 26 жастағы маман бұл қызметі үшін ақша алмағанын айтса да, тәртіп сақшылары аталған ақпаратты жіті тексеруде. Бұл фактіге  қатысты  Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1-бөлігі (Жалған құжаттарды, бланкілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.  Ал анықтаманы пайдаланған 47 жастағы әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  385-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүруде. Естеріңізге сала кетсек, жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейінгі мерзімге  бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейінгі мерзімге  қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы