Нұр-Сұлтанда ер адам кәмелетке толмаған қызды таңертең Триатлон-паркінде тонап кетті.
Елордалық полиция баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға 25 шілдеде болған. Таңертеңгі сағат 5.30 шамасында 17 жастағы қыз посттағы қызметкерге шағым түсірген. Ол жүгіру кезінде белгісіз адам оған шабуыл жасап, iPhone 8+ маркалы телефонын, сөмкесін ұрлап, қашып кеткенін айтқан.
"Күдіктінің басты белгілері анықталды. Бағдар бойынша барлық аудан полиция жасақтарымен қаралды. Қылмыскерді полиция қонақүйдің жанындағы тұрақта қашуға талпынғанына қарамастан ұстады. Ол Ақмола облысының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Полиция департаментіндегілер.
https://www.youtube.com/watch?v=zc_66_1jKr8&feature=emb_title
Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің "Тонау" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталады.