Сарапшы болжамы расталды
Сарапшы болжамы расталды
247
оқылды

Аймақтардағы ауыл әкім­дерін сайлау қорытындысы жарияланды. Жалпы, дауыс санау уақытты көп алмаға­ны­мен, сайлауалды ұйым­дас­тыру жұмысымен айна­лысқан аумақтық сайлау ко­­миссиясы бір жүйеге орта­лықтан­дырыл­маған.

Белгілі болып отырғандай, әзірге облыстардағы сайлау қоры­тындысы бойынша «Nur Otan» партиясынан – 627 (86%), Ауыл – 33 (4,4%), ADAL – 15 (2,1%), Ақжол –11 (1,5%), ҚХП – 10 (1,4%), ЖСДП 1 (0,1%) адам өтіп отыр. Сондай-ақ сайлау нау­қанына партиясыз өз-өзін ұсын­­ған 33 адам қатысқан. Сарапшы Никита Шаталов республика бойынша жиынтық ақпаратты ресми түрде ешкім жарияламайтынын айтты. «Бұған дейін «Nur Otan» партиясы 80%-дан кем орын алмайтыны туралы айтылған болатын. Бірақ билеуші партияның мүшелері болған өз-өзін ұсынушылардың арқасында жоспарды артығымен орындау болған секілді.Мен оны алдын ала болжаған едім», – дейді Никита Шаталов. Оның айтуынша, «Nur Otan»-ның жалпы тізімінде 65 азамат өз-өзін ұсынған. «Өз-өзін ұсын­ған­дардың көпшілігі жұмыс істеп жүрген әкімдер, мемлекеттік қызметкерлер, түрлі бюджеттік және коммуналдық кәсіпорын­дардың басшылары, яғни билеуші партияның электораты. Шын мәнінде, облыстардағы жағдай осындай. Мысалы, Ақмола облы­сындағы 95 орынның 74-і нұр­отан­­дықтарға тиесілі. Өз-өзін ұсынған 14 адамның 11-і дәл қа­зір жұмыс істеп жүрген әкімдер. Әрі олар «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының басшы­лары. Тағы 2-еуі белсенді мем­лекеттік қыз­меткерлер», – дейді сарапшы. Дегенмен айтарлықтай то­сын­­сыйға толы өзгеріс болмаға­ны­мен, партиялар арасында тар­тыс болды. «Nur Otan» әдет­тегідей басым­дыққа ие болса, ADAL партия­сының сайлаушы­лары бұл жолы ҚХП мен Ақ­жолдан қарағанда көбірек бел­сен­ділік танытты. Өз-өзін ұсын­ғандар «Ауыл» пар­тиясына лайықты бәсекелес бол­ды. Олар­дың әрқайсысы 33 дауыс­тан жинады. Бұл жолғы әкімдердің сайлауы демократияландыру,мен орталықсыздандыру жолындағы сәтті қадам екенін айтты сарап­шы.  

Ж.МҮСІЛІМ