Жол картасы жобасын талқылады
Жол картасы жобасын талқылады
155
оқылды

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың міндеттерін орындау мақсатында Ақмола облысында партияның облыстық, 2 қалалық және 17 аумақтық филиалдарының сайлауалды бағдарламасына жүйелі мо­ниторинг ұйымдастырылды. Оның нәтижесі туралы партияның депутаттық фракция отырысында айтылды. Сондай-ақ жиында орындалмау қаупі бар индикаторлар бойынша атқарылған жұмыстар тілге тиек етілді.

Осы жылғы 6 айдың қорытын­ды­сы бойынша партияның сай­лауал­ды бағдарламасын іске асыру жөнін­дегі аймақтық Жол картасының 132 іс-шарасының 23-і (17,4%) орындалды, 88-і (67%) орындалу сатысында, 21-нің (16%) орын­далу мерзімі жеткен жоқ. Орындалған негізгі іс-шара­лар­­ды нақты айтсақ, 3 серпінді ин­вестициялық жоба іске асты. Мәселен, Аршалы ауданында қуат­тылығы 100 МВт-қа жететін жел электр стансасының 2-кезегі салынды. Есіл ауданының «Ново-Приречное» ЖШС-нің сыйым­дылығы 797,8 миллион теңге бо­латын 20 мың тонна астық сақтау қоймасы пайда­лануға берілді. Ал қаржыландырудың бол­ма­уы­на байланысты Степногор қа­ласындағы 45 пәтерлі тұрғын үй­дің құрылысы мен жеке тұрғын үй­лер үшін инженерлік-ком­му­ни­ка­циялық инфрақұрылым тарту сияқ­ты жобалардың мерзімді орын­­далуына бүгінде қауіп төніп тұр. Жалпы, тұрғын үй құрылы­сы­на қатысты мұндай мәселелер басқа да аудандарда кездеседі. Сон­дық­тан бұл мәселені шешудің басқа амалдарын қарастыру қажеттілігі айтылды. Жиында, сондай-ақ өңірде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,5 есе ұлғайтып, 3 мил­лион теңгеге жеткізу мәсе­лесі тал­қыланды. Бүгінде халық қалау­­лылары бұл тақырыпты тиісті сала мамандарымен жан-жақты зерт­теп, талдаудан өткізді. Нәтижесін­де, тек өсімдік шаруа­шылығында нақ­ты нәтиже бере­тін 3 негізгі бағытты дамыту қолға алынды. – Бірінші бағыт – агроқұры­лым­дарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізу. Сөйтіп, өсімдік шаруа­шы­лығында алдағы 5 жылда суар­малы жер алаңын 13,3 мың гек­тарға арттыру. Биылғы жоспар – 1 мың гектар. Аталған межеге өңірдегі екі ірі шаруашылықтың арқасында қол жеткізілді. Бұл – Целиноград ауда­нындағы «Ро­дина» агрофирмасы мен «Зеренді» асылтұқымды ша­руа­шылық» се­ріктестігі. Алғаш­қысы суармалы егістік алқаптарын 700 гектарға, ал екіншісі 300 гектарға жеткізді. Екінші бағыт – минералды тыңа­йт­­қыштарды қолдану алаңын 1,6 есе өсіммен 2025 жылы 1,4 млн гектарға дейін ұл­ғайту. Биыл 1 млн гектар алаңда тыңайт­қыштарды қолдану бойын­ша міндет орын­далды. Шаруалардың тыңайтқыш­тарды сатып алуға жұмсалатын шы­ғынының 50%-ы мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтары­лады. Десе де, бұл бағытта түйткілді мәселелер баршылық. Депутат­тық фракция отырысында шаруа­ларға субсидиялардың уақытылы түспеу мәселесі қызу талқыланды. Депу­таттардың айтуынша, кейде тіпті қаржының жетпеушілігі де бай­қалады. Сондықтан депу­таттардың ұсынысын жинақтап, арнайы ма­ман­дарды тарту ар­қылы бұл мәсе­лені түбегейлі ше­шу қажет, – деді «Nur Otan» пар­тия­сы Ақмола аймақтық фи­лиа­лы төрағасының бірінші орын­басары Ғалым Бекмағамбетов. Өсімдік шаруашылығында ең­бек өнімділігін арттырудың үшінші бағыты егін шаруашы­лығында үшін­ші репродук­ция­дағы тұқымды қолдану көлемін арттыру. Жол картасына сәйкес 2025 жылға қа­рай бұл көрсеткішті 90 %-ға жет­кізу көзделеді. Халық қалаулысы Қайрат Сұлтановтың айтуынша, биыл нанның қымбат­тауына жол бермеу мақсатында тұрақтандыру қорының жұмысын нығайту қажет. Ондағы ұнды тек әлеуметтік нан пісіретін наубай­ха­наларға беру қажеті айтылды. Айта кетейік, келесі жылы Мем­­лекет басшысының тапсыр­ма­­сымен жайылым жерлерді ұл­ғайту қолға алынады. Осыған бай­ланысты елді мекендердегі егіс­тік және жайылым жер­лерге тексеріс жүргізу қажет.

Әбілмансұр ЖАСАН