Еңбек дауы өршіп тұр
Еңбек дауы өршіп тұр
354
оқылды

Солтүстік Қазақстан облы­сында соңғы кезде еңбек дау­лары көбейіп кетті. Об­лыстық соттың мәліметіне сүйен­с­ек, был­­тырғы жылдың бірінші жар­­­ты­жылдығында сотқа 94 та­лап-арыз түскен бол­са, биыл­­ғы сәйкес кезең­де істер­дің саны 40,8 пайызға артып, 159 іс қаралған.

Сотқа жүгінгендердің басым бөлігі – 89 адам өздерінің еңбек­ақыларын даулаған. Солтүстік Қазақстан облыстық сотының аза­маттық істер жөніндегі алқа­сының төрағасы Айдар Смағұлов­тың айтуынша, өңірде мұндай істердің күрт көбеюіне – Айыртау ауданын­дағы «Жарқын-СК» жауап­кершілігі шектеулі серіктес­тігінің өз жұмысшыларына еңбек­ақысын төлемей отырғаны себеп. «Еңбек­ақы­­ларын алу мәселесін қазір жұ­мысшылар нотариус ар­қылы ше­шуге құқылы. Ол үшін бірінші бас­­шының қолы қойылған анық­та­ма болуы керек. Кәсіп­орынның басқа қалада тұратын басшылары сол анықтамаға қол қоймай жүр. Сондықтан 30 шақты адам сотқа жүгінуге мәжбүр бол­ды. Бұған дейін де 5-6 іс қаралған. Сөйтіп, бір кәсіпорынға қатысты істің саны 30-дан асып кетті» деп түсіндірді Айдар Әскербекұлы. Бұл кәсіпорынды тексеру үшін еңбек инспекторлары да кіре алмай жүрген көрінеді. Сот түсін­діргендей, бұған да басшылықтың тексеріс тағайындау туралы құ­жат­­тарды қабылдамай отырғаны қол­бай­­лау. Бұл мәселемен енді проку­ратура айналыса бастады. Еңбек дауларына қатысты басқа істер бойынша талап-арыз берушілер мемлекеттік қыз­мет­шілер, полиция қызметкерлері. Олар жұмыстан босатылуына, сөгіс жарияланғанына, тәртіптік іс қозғалғанына қарсы. Мәселен, Петропавл қалалық әкімдігі жанындағы тұрғын үй ко­миссиясының өкілдері пәтер кезе­гіндегі жалғызбасты ананы некеге тұрғанына байланысты шығарып тастағаны үшін бастары бәлеге қалған болатын. Кезектен шыға­рылған адам оларды сотқа беріп, нәтижесінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агент­тіктің облыс­тық департаменті шенеунік­терге қатысты қызметтік тексеріс жүр­гізіп, тәртіптік іс қоз­ғаған. Қо­ры­тындысында кінәлі деп та­ныл­ған қызметкерлер – Пет­ро­павл қаласы әкімінің орын­басары Асқар Ха­бибулин, бөлім басшы­лары Марат Ерханов, Да­нияр Асыл­беков, Серік Сабралин, На­талья Дероваға қатысты тәр­тіптік жаза қолда­нылған. Алайда мұны­мен келіс­пеген шенеуніктер сотқа жү­гінген. Бірінші сатыдағы сот олар­дың талап-арызын қана­ғат­тан­дыр­май, облыстық сот та сол ше­шім­ді кү­шінде қалдырған. Ал Жо­ғарғы Сот бұл шешімді бұзып, істі шенеу­ніктердің пайда­сына шешкен. Сондай-ақ жұмыстан шыға­рылған Мамлют және Ақжар ау­дандық ауруханаларының бас дәрігерлері де әділдікті соттан іздеуге мәжбүр болыпты. Екеуі бір-біріне ұқсас істер болғанымен, шешімдері әртүрлі. Ақжар аудан­дық ауруханасының бас дәрігері Шолпан Сәбитова облыстық Ден­саулық сақтау басқармасын жеңіп, қызметіне қайтарылса, мам­люттік бас дәрігер Марина Коробкова жеңілген. Айта кету керек, екі бас дәрігер де пандемия кезінде еңбек қауіпсіздігін сақ­тамай, аурухана қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқ­тырғанына айыпты болғаны үшін қызметтен қуылған-тын. Айдар Смағұловтың айтуынша, екі істің екі түрлі шешілуіне ауруханада бақылау кеңесінің жоғы себеп бол­ған. «Заң бойынша бас дәрі­гер­ді тағайындау немесе қызмет­тен босату үшін бақылау кеңесінің келісімі болуы керек. Ақжар ау­дан­дық ауруханасында бас дәрігер қызметтен босатылған кезде сол кеңестің келісімі болмай шық­қан. Ал Мамлют аудандық ауруха­на­сында мұндай кеңес мүлдем құ­рылмаған. Осындай процеду­ра­лық жайтқа назар аудару ке­рек», – дейді Айдар Әскербекұлы. Бұған дейін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің рек­торы да орынтағын даулап, сотқа жүгінген. Алдымен жеңіліп, ал Жоғарғы Сотта жеңіп шық­қа­нына да процедуралық тәртіптің бұзылғаны себеп болған. Атап айт­қанда, ректорды жұмыстан шығарып жіберу үшін кәсіпо­дақ­тың уақытылы келісімі болмаған. еңбек дауы Жалпы, соттың мәліметінше, кәсіподақ ұйымы құрылған ұжым­дарда туындаған даулар сот­қа жетпей-ақ шешіледі екен.

КӘСІПОДАҚ НЕ ДЕЙДІ?

Облыстық кәсіподақтар ор­талығы жанынан құрылған «Та­туласу орталығының» жетекшісі Людмила Голенкованың айт­уын­ша, бұл – кәсіподақтардың құ­қықтық жұмысының нәтижесі. «Жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасының, ұжымдық келі­сімшарттардың, әлеуметтік ке­лісімдердің сақталуын қадағалау, кәсіподақ мүшелерінің құқығы мен мүддесін қорғау, ақыл-кеңес беру, кәсіподақ қызметкерлерін оқыту – ұдайы жүргізілетін жұ­мыс. Облыстық сот пен кәсіп­одақ­тар орталығы арасындағы меморандумға сәйкес құрылған «Татуласу орталығы» еңбек ұжым­дарында түрлі кездесу, семинар, конференция өткізіп тұрады, сон­дай-ақ еңбек даулары туындай қалса, оларды шешуге атса­лыса­ды. Келісім комиссиялары мүше­лерін оқыту да біздің мойнымызда. Биыл еңбек заңнамасына қатысты 360 арыз-шағым қаралды», – дей­ді Людмила Петровна. Мәселен, «штатты қысқартуға орай еңбек шартын бұзу туралы ескерту уа­қытынан бұрын берілді» деп ша­ғымданған жұмысшы мен жұмыс беруші арасында кәсіподақтың араласуымен келіссөз жүргізіліп, оған қызметтік еңбекақысы мөл­шерінде жәрдемақы төленген соң тараптар татуласқан. Пан­демия кезінде жұмысын тоқтатқан бюджеттік ұйымның басшысы жұмысшыларына минималды еңбекақы 42 500 теңге төлегеніне келіспегендер де кәсіподақтан араша сұрапты. Нәтижесінде, жұмысшылардың еңбекақысы сақталып, қалпына келтірілген.

ДАУ МЕН КИКІЛЖІҢНІҢ АРАЖІГІ

Отставкадағы судья, заң ғы­лым­дарының кандидаты, «Ата­мекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкер­лердің құқығын қорғау кеңесінің басшысы Инесса Қуанова заң­герлік тұрғыдан қарағанда еңбек дауы мен еңбек ұжымындағы ки­кілжің – екеуі екі бөлек нәрсе және оларды шешудің арасындағы айырмашылық жер мен көктей деген пікірде. Оның пікірінше, ең алдымен еңбек ұжымында туын­даған кез келген кикілжіңнің тамырына балта шабуға тырысқан абзал. «Өйткені сотта қаралған іс нәтижесінде дау шешілгенімен, кикілжің сол қалпында қалуы мүмкін. Менің тәжірибемде жұ­мыстан заңсыз шығарылғаны үшін сотқа үш рет жүгініп, жұ­мысына үш рет қайта орналасқан адамның ісі болды. Бұл еңбек дауы шешілгенімен, кикілжің тарқаған жоқ деген сөз. Себебі сот шешіміне екі тараптың бірі риза бол­майды. Сондықтан мәселені келіссөз, диалог, арбитраж, ме­диа­ция сияқты жолдармен шешу­ге тырысқан жөн. Ұжымдағы кез келген қақтығысты қоғам теріс құбылыс деп бағалайды. Шын мәнінде, мұндай жағдай дамып-жетілуге септігін тигізеді. Жұ­мысшы мен жұмыс берушінің ара­сында ешқандай кикілжің туындамауы мүмкін емес. Өйткені олардың мүдделері әртүрлі, әрі жұмыс берушінің ресурсы шек­теулі. Дегенмен еңбек дауларын азайтуға тырысуымыз қажет. Онда да оларды бұқтырмай, тараптарды қанағаттандырарлықтай бейбіт жолмен шешкен дұрыс», – дейді бұрынғы судья Инесса Қуанова. Бұл мақсатта кәсіподақтар ор­талығы мен «Атамекен» пала­та­сы бірлесіп, түрлі семинар ұйым­дастырады. Биыл өткізілген 15 оқыту семинарына өндірістік кеңес және келісім комиссия­ла­рының мүшелері, еңбек инспек­торлары, кәсіподақ комитетте­рінің төрағалары мен мүшелері, барлығы 400 адам қатысқан. Бү­гінде Солтүстік Қазақстан об­лы­сында 64 мыңнан астам адам кә­сіподаққа мүше, 1 200-ден астам бастауыш кәсіподақ ұйымы жұ­мыс істейді. Ал еңбек даулары болған ұжымда кәсіподақ ұйымы жоқ болып шықты. Жұмысшы өз құқығын қорғау үшін ең алдымен өзіне сеніп, ұжым­дық және еңбек келісім­шарт­­­тарын мұқият зерделегені жөн. Қиын жағдай туындай қалса, өзін қор­ғайтын ұйым бар екенінен ха­бардар болғаны абзал. Солар­дың көмегімен мүмкіндігінше істі сот­қа жеткізбеуге тырысқаны дұрыс. Бірінші сатыдағы сотта талап-ары­зы қанағаттанды­рыл­маса, са­лы суға кетіп, қолын бір-ақ сер­мейтін жұмысшылар да қа­теле­сетінін тә­жірибе көрсетіп отыр. Кей жағ­дай­да істердің әділ нүк­тесін Жоғарғы Сот қоятынына куә болып отыр­мыз. Бірақ оған бар­лы­ғының бірдей жүйкесі шыдай ма?

Роза ШӘКЕН, Солтүстік Қазақстан облысы