Дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады
Дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады
Фото: olympic.kz. Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
283
оқылды

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әзербайжандық қарсыласын жеңе алмады.

Мамадәлі Мехдиевпен өткен кездесу қосымша уақытқа (голден скор) дейін созылды. Қосымша уақытта отандасымыздың қарсыласы әдіс жасап, «вазар» ұпайымен Ислам Бозбаевты жеңді. Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады.

Бұған дейін дзюдодан қола жүлдені Елдос Сметов алғанын жазған болатынбыз.