27 шілде күні Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасында екі адам батып кетті, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
«Ерлі-зайыптылар жабдықталмаған жерде шомылып жүрген. Куәгерлердің айтуынша, жағадан алысқа жүзіп кеткен 1978 жылғы әйел бата бастаған. Мұны көрген 1966 жылғы күйеуі көмекке бірден асықты. Алайда, өз күшін дұрыс пайдалана алмаған ер адам әйелімен бірге суға батып кетті», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек екенін ескертеді.