Шалқар мектебінде болған төбелесте оқушы пышаққа түсті
Шалқар мектебінде болған төбелесте оқушы пышаққа түсті
© сурет интернеттен
427
оқылды
27 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында мектептің жоғары сынып оқушыларының арасында жанжал шығып, 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция төбелеске қатысқандардың барлығын анықтады. Қылмысты жасады деген күдікпен 9-сынып оқушысы ұсталды. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіруге оқталу») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.