Шымкенттің бас санитарлық дәрігері қаладағы карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулыда нысан жұмысына жаңа шектеулер мен тыйым салынатыны көрсетілген. Құжатқа сәйкес, 2 тамыздан бастап қалада жұмыс істеуіне тыйым салынған нысандар:
мұражайлар мен кітапханалар;
косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері. Ashyq-қа қатысатын осы нысандар сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істей алады;
азық-түлік емес дүкен;
ашық базарлар мен жәрмеңкелер;
Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақүйлер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және басқалар) Ashyq бойынша әдеттегі режимде;
банктер, ХҚКО, "Қазпошта" бөлімшелері Ashyq бойынша сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9-дан 18-ге дейін жұмыс істей алады;
мектепке дейінгі мекемелер;
діни нысандар;
қоғамдық тамақтану нысандары (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша, жазғы алаңдар Ashyq бойынша сағат 7-ден 20 сағатқа дейін жұмыс істей алады, ал сенбі мен жексенбіде келушілері 50 пайыздан аспайды;
монша;
сауна, СПА, бассейн Ashyq бойынша сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 6-дан 20-ға дейін;
СОО, сауда үйлері, сауда желілері Ashyq бойынша сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 8-ден 20-ға дейін;
театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары Ashyq бойынша сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 8-ден 20-ға дейін 30 пайыздан аспайтын келушімен.