Токио-2020: 29 шілде күні өнер көрсететін Қазақстан спортшыларының тізімі жарияланды
Ертең Токиода өтетін Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың төрт түрінен бақ сынайды, – деп хабарлайды Sports.kz.
Төменде жарыстардың толық кестесі берілген (уақыты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша).
08:30 Су добы. Ерлер
Алдын ала айналым. Қазақстан-Испания
12:00 Теннис. Әйелдер. Бір разряд. Жартылай финал
Елена Рыбакина-Белинда Бенчич (Швейцария)
14:15 Бокс. Ерлер
75 кг. 1/8 финал. Әбілхан Аманқұл – Фанат Кахрамонов (Өзбекстан)
14: 18 Садақ ату. Ерлер
1/32 финал. Ильфат Абдуллин – Джеймс Вудгейт (Ұлыбритания)
15: 51 Бокс. Ерлер
+91 кг. 1/8 финал. Қамшыбек Қоңқабаев – Юсри Резк Мостафа Хафез (Египет).