Режиссер Болат Атабаев өмірден өтті
Режиссер Болат Атабаев өмірден өтті
Фото: уandex.kz
323
оқылды

Бұл туралы «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Нұрлан Нұрышев Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Болат Атабаев 1952 жылы 14 мамырда Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынас тілдері университетін (1974), театр және көркемсурет институтын (Ә.Мәмбетов пен А.Пашков шеберханасы бойынша) бітірген (1983). 1990 жылы Мюнхен (Германия) ұлттық театрынан тәлім алған. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы неміс драма театрында Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатын», А.Закстың «Өз ошағың» драмаларын, В.Гейнцтің «Жүздеген жыл толқындарында», «Адамдар және тағдырлар» тарихи диологиясын сахнаға шығарды. Атабаев өзінің алғашқы режиссерлік еңбек жолын Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында спектакльдер (Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббаты» т.б.) қоюмен бастады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, осында Б.Римованың «Қос мұнлық», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» (екеуі де 1991), И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан» (1994), Қ.Ысқақтың «Жан қимақ» (1995), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» (1996), Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» (1998; спектакль премьерасы Астана қаласында өтті), А.Чеховтың «Шағала» (1998), М.Метерлинктің «Соқырлар» (1993), Б.Брехттің «Тоғышардьң тойы» (1999); сонымен қатар Р.Мұқанованың «Қаралы сұлу» (М.Әуезовтің шығармасы бойынша; 1997, Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театры), Р.Болгтың «Кішкене сері» (1981, Германиядағы Пархим театры) т.б. спектакльдерді қойды.