Қазақстанға көбіне қай елден жұмыс іздеп келеді?
Қазақстанға көбіне қай елден жұмыс іздеп келеді?
Фото: retail-loyalty.org
147
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің биыл 1 шілдедегі мәліметі бойынша 15 796 шетелдік Қазақстанда еңбек етіп жүр.

Оның ішінде: бірінші санат – 651 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 281 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санатта – 7 600 адам және 410 адам. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға – 1 939 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1915 адам еңбек етеді.

Қазақстанға Қытайдан – 3 782 адам, Өзбекстан – 1 953 адам, Түркия – 1 633 адам, Үндістан – 1 051 адам, Венгрия –  992 адам, Ұлыбританиядан 959 адам келген.