Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің биыл 1 шілдедегі мәліметі бойынша 15 796 шетелдік Қазақстанда еңбек етіп жүр.
Оның ішінде:
бірінші санат – 651 (басшылар және олардың орынбасарлары),
екінші санат – 3 281 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).
Үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санатта – 7 600 адам және 410 адам.
Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға – 1 939 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1915 адам еңбек етеді.
Қазақстанға Қытайдан – 3 782 адам, Өзбекстан – 1 953 адам, Түркия – 1 633 адам, Үндістан – 1 051 адам, Венгрия – 992 адам, Ұлыбританиядан 959 адам келген.